jasqazaq.kz

Роберто Карлос әйгілі голының құпиясын ашты (видео)

29 қараша 2017, 10:47

Футболдан Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Роберто Карлос 1997 жылы Франциямен жолдастық кездесу кезінде айып добын қалай салғанын айтып берді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Доп анығында қисық ұшқан еді, бірақ желдің әсерінен ол тура қақпаға қарай бет алды. Бұл ғажайып болды», — деп мәлімдеді Карлос. Оның бұл сөзін L’Equipe журналы келтіріп отыр. Бразилиялық соққыға желдің әсері болғанын 20 жылдан кейін тұңғыш рет айтып отыр. Биыл Карлос мұндай голды жаттығу кезінде талмай еңбек еткенінің арқасында салғанын айтып қалған еді.

Еске салайық, 2010 жылы ғалымдар ойыншының бұл соққысын зерттеп көрген еді. Зерттеу қорытындысы бойынша, ғалымдар футболшының допты қатты иіре тебуінің арқасында осылай соқты деген тұжырымға келген болатын.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды