Ұрланған мұнайды Ресейге асырған

13 желтоқсан 2016, 16:41

Осыған дейін мұнай ұрлығы ісі бойынша 12 күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарған Ақтөбе қалалық №2 сотының өкілдері «Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобының Еркін Ізбасардың жетекшілігімен «қара алтынды» қалай ұрлағаны жайлы мәлімет таратты.

tengrinews.kz хабарлағандай, тергеудің мәліметінше, қылмыстық топтың мүшелерінің бірі — 30 жастағы Нұрболат Қайырбеков өткен жылдан биылғы сәуір айына дейін ауылдастары Ақсақовты, Миралинді, Сарамбетовты, Чиковты мұнай өнімдерін сәйкес құжатсыз заңсыз түрде тасымалдауға қолданған.

«Қылмыстық топтың әрбір мүшесін Мұхамедиянов, Сәрсенов және Ізбасар бақылап отырған. Барлық мәселе Ізбасармен жеке кездесуде шешілген, бұл кездесулер телефон арқылы шартты түрде келісіліп отырған. Ізбасардың құрған қылмыстық тобының тұрақты әрі ұзақмерзімді байланысы болған. Оларға Мұхамедиянов, Сәрсенов және Ізбасар бақылау жүргізген», — деп жазады басылым.

«Ізбасардың, Мұхамедияновтың, Сәрсеновтің және Қайырбаевтың қылмыстық іс-әрекеттері мемлекеттік органдарда мұнай өнімдерін ірі көлемде сақтауға рұқсат беретін мүмкіндігі бар «Автодор МК» ЖШС, «Асад Плюс» және «Транзит» жанармай құю бекетінің тіркелуіне мүмкіншілік жасаған.

Судья ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесінің рөлі қандай болғанын айтып берді: «Сәрсенов пен Қайырбаев Ізбасардың басшылығымен мұнай өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан. Ізбасар олармен тасымалдауға көлікті қамтамасыз еткен. Мұнай өнімдерін тиеу, жеткізу және «Транзит» жанармай бекетіне құюды бақылаған, жүргізушілер Миралин, Ақсақов, Чиков және Сарамбетовтердің жұмысын бақылаған, өз кезегінде олар тиісті жерге мұнайды жеткізіп отырған. Мұхамедиянов пен белгісіздер мұнай өнімдерін сату орындарын іздестіріп, мұнай өнімдерін заңсыз қамтамасыз етіп отырған».

Сонымен қатар, тергеудің мәліметінше, Миралин, Ақсақов, Чиков және Сарамбетов мұнай өнімдерін келісілген жерлерге үздіксіз жеткізіп отырған. Мұнай сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында үлестірілген, ал екінші бөлігі заңсыз мұнай өнімдерінің жаңа партиясы сатып алуға жұмсалған. Ізбасар ақшаның үлестірілуіне жеке өзі бақылау жасаған.

Сондай-ақ, іс материалдарына қарағанда, Еркін Ізбасар Ақтөбеде Мұхамедиянов пен Сәрсенов арқылы Қайырбаевқа мұнай өнімдерін резервуар арқылы тиеу, жеткізу бойынша нақты тапсырмалар берген, ұйымдасқан топтың жұмысын бақылаған. Жұмыстың тәртібі былай болған: Ізбасардың тапсырмасымен Сәрсенов, Қайырбаев және белгісіздер мұнай өнімдерін заңсыз сатып алып, оларды «Транзит» жанармай құю бекетінің резервуары арқылы тасымалдаған, сол жақтан ресейліктерге сатқан.

«Биыл 1 сәуірде Мұхамедиянов пен Сәрсенов ресейліктермен 97 мың литр мұнай өнімін сатуға келіскен, келісім жалған құжатпен рәсімделген. 2 сәуірде түнде автоцистерна Ақтөбеден Орск қаласына қарай шыққан. Келесі күні оларды полицейлер ұстап алған. Олардан табылған мұнай өнімдерінің бағасы 14 миллион 550 мың теңге болған», — делінген хабарламада.

Судья қылмыстық топтың кейбір мүшелері әлі ұсталмағанын хабарлады.

Ал КТК телеарнасының тілшілеріне Ақтөбеде Еркін Ізбасардың анасы ұлының мұнай ұрламақ түгілі, билетке ақша таппай қиналып өмір сүргенін айтты.

Сонымен қатар, тілшілердің мәліметінше, Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ мүшелерінің арасында күш құрылымдарының өкілдері болған. Үш күннен бері қамауға санкция беріп жатқан сот мұны растағанымен, нақты кімдер екенін ашып айтпай отыр. Осы уақытқа дейін 12 күдікті қамауға алынды. Араларында топты басқарды деген айып тағылған атышулы Еркін Ізбасар да бар. Бірақ адвокаты мен туыстары оның мүгедектігін айтып, сот санкциясына наразылық білдіруде.

Қамауға алынғандардың арасында»Ағайынды төрте» деген лақап атпен танымал ұйымның серкесі — атышулы Еркін Ізбасар да бар. Ал оның құқығын танымалдығы одан кем емес — адвокат Серік Сәрсенов қорғап жүр. Ол кезінде Арқанкергенде сарбаздарды қырып тастаған Владислав Челахтың ісімен танылған еді. Бұл жолы қорғаушысын ақтап алатындығына сенімді. Ең алдымен қамауға алу туралы санкцияның күшін жоюға кіріспекші. Өйткені арбаға таңылған, әрі бүйрегінен айрылған мүгедекке абақтыда еш жағдай жасалмағанын айтады.

«Бірінші топтағы, жүре алмайтын мүгедек өз жағдайын абақтыда жасай алмайды ғой. Онымен қоса бүйрегінің жоқтығынан үнемі дәрігердің бақылауында болуы керек. Сот оны қашып кетеді деп қамауға алды.Сонда, арбада отырған оған қанат бітіп ұшып кете ме?», — дейді адвокат Серік Сәрсенов.

Еркін Ізбасардың анасы ұлының қылмысқа қатысы барын естігенде талып қала жаздапты. Оның көлденең тапқан табысын көрмедік деп тіпті таң қалып отыр. Өйткені, күрестен Алматыда өтетін чемпионатқа баруға қорадағы екі жылқысын сатып, жолақысын тауып беріп едік дегенді айтады.

«Ұшаққа мінуге ақшасы болған жоқ. Екі атын сойдырып машинамен кетті. Бұл шексіз, шетсіз жала. Балам мұнайды түсінде де көрген жоқ», — деді Е.Ізбасардың анасы Мейрамхан Ізбасарова.

Дегенмен, Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер мұнай ұрлығына қатысты топты дәл осы Еркін Ізбасардың басқарғанына сенімді. Әрі бұл арам іске радикал салафит топтардың да қатысы бар көрінеді. Ал әзірше қамауға алынған 12 күдіктінің арасынан Ізбасардың жақындары ғана санкцияға қатысты облыстық сотқа шағым жазыпты. Ол апта соңына таман қаралмақшы.

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды