jasqazaq.kz

Рио-де-Жанейрода биыл Жаңа жыл мерекесі тойланбайды

28 шiлде 2020, 10:50

Рио-де-Жанейро әкімшілігі коронавирусқа байланысты Копакабана жағажайында жыл сайын өтетін дәстүрлі мерекеден бас тартты, хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде Бразилияда COVID-19-ды жұқтырғандар саны екі миллионнан асқан. 87 мың адам кеселден көз жұмыпты. Ал, жағажайға Жаңа жылды қарсы алу үшін кемінде үш миллион адам жиналатын көрінеді. Билік өкілдері «жұрт саулығы үшін бұл мерекені эпидемия жағдайында өткізу қауіпті» деген шешімге келді. Дегенмен, әкімшілікте Жаңа жылды шағын форматта тойлау нұсқалары да қарастырылып жатыр. Өйткені мейрамнан толықтай бас тарту экономикаға кері әсер етуі мүмкін.

Мария Барбоса, турист:

— Мұндай ауқымды шарада санитарлық норма немесе әлеуметтік қашықтық сақталады деп айта алмаймын. Сондықтан бас тарту өте орынды.

Хосе Барбоса, турист:

— Әлемде пандемия аса жылдамдықпен тарап жатқаны рас. Дегенмен, мұндай мерекелерсіз,көптеп жиналған туристерсіз бұл қандай Рио болмақ?

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде