jasqazaq.kz

Рим әуежайында коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

22 қантар 2020, 18:34

Италия Денсаулық сақтау министрлігі осы аптада Римдегі Фьюмичина әуежайында Қытайдың Ухан қаласынан келетін жолаушыларға арналған дене температурасы сканерлері орнатылатынын мәлімдеді.Бұл туралы  ANSA-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Агенттіктің мәліметі бойынша, сканерлер бейсенбі күні қойылады. Дәл осы күні коронавирус анықталған Ухан қаласынан Италия астанасына рейс ұшып келеді.

Министрліктің айтуынша, Ухан қаласынан келген жолаушылар арнайы денсаулық дәлізінен өтіп, олардың дене температурасы сканер арқылы өлшенеді. Сканерлер алдағы уақытта қытайлық қаладан келетін барлық рейстерге пайдаланылады.

Сонымен қатар, жолаушылар келгеннен кейінгі саяхат маршрутын көрсететін арнайы үлгіні толтырады.

«Италия жаңа коронавирусты (2019-nCoV) бақылап отыр және Халықаралық денсаулық сақтау ұйымымен үнемі байланыста»,- делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Бұған дейін, коронавирус Қытай шекарасынан тыс аумақтарға таралғанын жазған болатынбыз. Таиланд, Жапония және Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырған адамдар тіркелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде