jasqazaq.kz

Риддерде ер адам 89 жастағы анасын өлгенше ұрып-соққан

25 мамыр 2021, 14:57

Риддерде ер адам 89 жастағы анасын ескерту жасағаны үшін өлгенше ұрып-соқты.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық соты 62 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, ол мас күйде қарт анасын қатты ұрғаны сонша, әйел қайтыс болған.

«Сотта ер адамның 2020 жылғы 30 қарашада сағат шамамен 19.00-де мас күйде жанжал кезінде анасының бет тұсына бірнеше соққы жасағаны анықталды», — деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews.kz хабарлағандай, әйел ауруханаға келесі күні ғана барған. Дәрігерлер оған ми шайқалуы, қан кету, өкпенің жарылуы және сүйегі сынды деген диагноз қойды. Үш күннен кейін әйел қайтыс болды.

«Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Оған ҚР ҚК-ның 106-бабы 3-бөлігі бойынша («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») айып тағылды. Сотталушының жасын, кінәсін мойындағанын, бұрын сотталмағанын, тараптар келісімге келгенін ескере отырып алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп түсіндірді сот.

Айта кетейік, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігінің санкциясы сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

«Қылмыстық іс сотқа прокурор, сотталушы, жәбірленуші арасында жасалған кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісіммен түсті. Жәбірленуші ретінде қаза тапқан әйелдің немересі жауап берді. Іс жүргізу келісімінің барлық шарты орындалған істер бойынша жаза тағайындау кезінде сот үшін шектеулер бар. Олар: жаза осы бапта көрсетілген ең жоғары мерзімнен немесе 1\2 мөлшерден аспайды, бұл жағдайда — алты жылдан», — деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Тараптар сот актісімен келісті.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия