jasqazaq.kz

Риддерде анасы мас жатқанда аш қалған бала ауруханаға жеткізілді

04 қараша 2021, 17:23

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында маскүнем ана баласына мүлде қарамаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары қолайсыз отбасыларды үнемі бақылауда ұстайды. Қараша айының басында 3 жасар ұлымен бірге тұратын 41 жастағы әйелдің үйі тексерілді. Соның нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Әйел үйде мас күйде жатқан. «Үй іші суық, әрі астаң-кестең болып шашылып жатты. Әбден ашыққан қаршадай баланың үсті-басы кір болған. Сонымен қатар бұл үйде баланың қолайлы өмір сүруі үшін жарық, су және басқа да қажетті жағдайлар мүлде жоқ болып шықты», — делінген ақпаратта. Қазіргі уақытта бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылған. Одан әрі оны кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына орналастыру жоспарланып отыр. Полицейлер әйел адамды ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолдамақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде