jasqazaq.kz

Риддерде 22 мың отбасы жылусыз қалды

07 қараша 2022, 10:47

Риддер қаласында «Риддер ЖЭО» АҚ-да апат болып, салдарынан 22 мың абонент жарықсыз қалды. Осыған байланысты қалада төтенше жағдай жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

5 қарашада сағат 20:00-де «Риддер ЖЭО» АҚ-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, салдарынан № 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты түрде ажыратылды.

Салқындатқыштың температурасы жоспарланған +70 градуста +39 градусқа дейін төмендеді. Бүгінде қаланың 22 мыңнан астам абоненті үшін жылу беру төмендетілді.

7 қарашадан бастап оқушылар қашықтан оқиды, сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелер жұмысын тоқтатады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов түнде шұғыл Риддерге келген. Ол апаттық жағдайды жою жөніндегі штабты басқарады. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Ресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта күл шығару жүйесінде қозғалтқыш ауыстырылды, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ЖЭО-ға қосымша 120 тонна мазут жеткізілді, отынды жөнелту жұмыстары жүріп жатыр.

Апатты жағдайды жою үшін «Қазмырыш» ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам қызметкер жіберіп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қосымша жабдықтар бөлді. Сондай-ақ, Өскеменнен көмек ретінде «Востоквзрывпром» ЖШС-нің 20 қызметкері келді.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуін белгілеу туралы» Үкіметтің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес бұл апаттық жағдай жергілікті ауқымдағы ТЖ ретінде қарастырылады.

Жағдай әкімдіктің бақылауында.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку