jasqazaq.kz

Республикалық жолдарға видеокамерасы мен жылдамдық өлшегіші бар аркалар орнатылады

09 қазан 2020, 15:52

Республикалық жолдардың әр 40-50 шақырымына видеокамерасы мен жылдамдық өлшегіші бар аркалар орнатылады. Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов мәлім етті.

«Біз инвестициялық конкурс аясында республика бойынша 11 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгіземіз. Бұл ретте интеллектуалдық-көліктік жүйеге басымдық беріледі. Яғни жолдың бұл учаскелері камералармен, скоростемермен жабдықталады. Сонымен қатар алдағы уақытта ұзын жолдардағы жаяу жүргіншілер өтетін бөлікті жарықтандырамыз», — деді Талғат Смағұлов компанияның Instagram парақшасында сұрақтарға жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан – Щучинск арасындағы жолға арка орнатылған. Ол жерде видеокамера бар.

«Біздің мәліметтеріміз бойынша дәл сол жерде жол ережесін бұзудың 8 мың фактісі тіркелген. Оның ішінде 39 жағдайда жүргізушілер жылдамдықты сағатына 200 шақырымнан асырған. Алдағы уақытта мен атаған 11 мың шақырым жолдың әр 40-50 шақырымында аркалар орнатылады. Дәл сол жерде видеокамералар мен жылдамдық өлшегіштер қойылады», — деді ол.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді