jasqazaq.kz

Республикалық жолдардың барлығы ашық

21 қантар 2021, 10:44

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған барлық жол көлік қозғалысы үшін ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс барлық бағыттар бойынша ашық», — делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, боран соғу қаупіне байланысты сағат 17:00 бастап облыстық жолдарда барлық бағыт бойынша жол жабылды. Көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынған.

Сонымен қатар 20 қаңтар сағат 21:00 бастап ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда боранға байланысты республикалық маңызы бар «Алматы — Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымы (Аягөз қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының арасы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

Мұнан бөлек, кеше сағат 21-15-те Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының 25-39 шақырымында, Алматы қаласымен Әли кенті аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде