jasqazaq.kz

Республикалық турнирде асыл тұқымды ат мәреге жеткенде өліп кетті (видео)

21 қазан 2020, 11:38

Елордада ұлттық ат спорты түрлерінен өткен республикалық турнир кезінде асыл тұқымды сәйгүліктің бірі «үлкен аламан» бәйге кезінде мәреге жетіп, өліп кеткен.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, турнирге қатысып жатқан ат мәреге жеткенде кенеттен теңселіп, жерге құлап түскен. Оның аяқ астынан өлген сәті камераға түсіп қалған. Телеарнаның мәліметінше, «үлкен аламан» бәйге нағыз тұлпарлар сыналатын жарыс. Бұл сында 31 қатысушының тек 17-сі ғана 25 шақырымдық қашықтықты еңсере алған. Орын алған жағдайға ат спорты бойынша жаттықтырушы Секенай Бөбекбай пікір білдірді. «Ол құлап өлді, демек дайын болмаған. Бұған жаттықтырушы кінәлі. Демек, ол жылқының жан дүниесін сезінбейді. Егер бапкер жақсы болып, жануарды тиісінше баптаса, ат өлмейді. Оның үстіне қазір күздің бел ортасы», – дейді маман. Турнирге Қазақстанның әр аймағынан жүзден астам шабандоз қатысқан. Олар төрт қашықтықтан тұратын: «жорға жарыс», «құнан бәйге», «кіші аламан» және «үлкен аламан» бәйге бойынша сынға түскен.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құраған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия