jasqazaq.kz

Республикалық маңызы бар жолдарға видеокамералар орнатылады

04 ақпан 2020, 16:19

Қазақстан тасжолдарының 32 учаскесінде бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақылы жолдарда төлем алу жүйесін орнату және қызмет көрсетуге қатысты инвестициялық жоба аясында биыл еліміздің тасжолдарында бейнебақылау камералары орнатыла бастайды. Жалпы алғанда, елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымында 600 бейнебақылау камерасы орнатылады деп жоспарлануда», — делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында. Камералар ел жолдарындағы қозғалысты тәулік бойы бақылайтын болады. Тұтастай алғанда, мұндай қондырғылар 2024 жылға дейін еліміздегі республикалық маңызы бар жолдардың 32 учаскесінде пайда болмақ. «Әзірлеушілердің айтуына қарағанда, есептеу қуаттылығы мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттың кең көлемін нақты уақыт режимінде өңдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, көлік қозғалысының жылдамдығы мен бағыты, жеке деректерді пайдаланусыз көлік құралының типі сондай-ақ, жол жиегімен қозғалып келе жатқан және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген автокөліктер анықталатын болады», — деді ведомстводан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия