jasqazaq.kz

Respublica Қазақстанның 20 өңірінде үгіт-насихат науқанын қорытындылады

Бүгін, 19:03

Respublica партиясы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады. «Өңірлермен тікелей диалог» атты жалпыпартиялық онлайн-кездесуге 20 өңірлік филиалдың өкілдері, кандидаттар, партия белсенділері, Орталық кеңес мүшелері, ReWomen әйелдер және ReJastary жастар қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
2–27 қараша аралығында партияның өңірлік командалары 243 үгіт-насихат және ақпараттық іс-шара өткізді. Онлайн және офлайн форматтардағы жиынтық қамту шамамен 430 мың адамды құрады.
Бір күн бұрын, 26 қарашада, еліміздің барлық 20 өңірінде сайлауалды штабтардың қорытынды отырыстары өтіп, оларға 750-ден астам адам қатысты. Штабтар кездесулер барысында айтылған ұсыныстарды, кандидаттардың жұмысын және 29 қарашадағы дауыс беруге ұйымдастырушылық дайындықты талқылады.
Үгіт-насихат науқанының негізгі бағыттарының бірі – азаматтармен бетпе-бет сөйлесу. Кандидаттар еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, білім беру және тұрмыс сапасы мәселелерін талқылады.
«Біз үшін сайлау тек үгіт-насихат кезеңімен шектелмейді. Әр кездесуде айтылған мәселенің артында нақты адам, отбасы, елді мекеннің қажеттілігі тұр. Халықпен диалог сайлаудан кейін де жалғасуы тиіс. Жергілікті өкілді органдардың жұмысы ашықтыққа, жауапкершілікке және тұрғындардың сұранысына негізделуі маңызды», – деді партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров.
Партияның ұстанымы бойынша, жергілікті өкілді органдардың маңызды міндеті – азаматтардың ұсыныстарын жүйелі түрде қарастырып, қабылданған шешімдер мен олардың нәтижесі туралы қоғамға есеп беру. Өңірлерде көтерілген мәселелер алдағы жұмыста талдау мен ұсыныстар әзірлеудің негізі болуға тиіс.
Мәслихат депутаттарының сайлауына Respublica еліміздің барлық 20 өңірінде қатысады. Партия атынан 326 кандидат тіркелген: 129-ы партиялық тізімдер бойынша, 197-сі бірмандаттық округтерде. Олардың қатарында 76 әйел және 35 жасқа дейінгі 70 кандидат бар.
Жалпыпартиялық кездесуде сайлауалды штабтардың қорытынды есептері тыңдалып, тыныштық күні заң талаптарын сақтау және дауыс беру күніне дайындық мәселелері қаралды. Мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді.


Respublica партиясының баспасөз қызметі

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу