jasqazaq.kz

Ресейлік полицейлер қыз зорлады деп айыпталуда

23 тамыз 2019, 11:10

Екатеринбург полицейлері қызметтік көлікте әйел зорлады деген күдікке ілінді. Олар ұсталған, деп хабарлады Ресейдің тергеу комитетінің өңірлік басқармасы.

«Қылмыс 2019 жылдың 18 тамызында түнде жасалған. Полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Алдын ала дерек бойынша, бұдан бұрын ресейлік БАҚ хабарлағандай, қазақстандық қызды күдіктілер ұстап, полиция көлігіне отырғызады.

Қызметтік көлікте полицейлер «қасақана және алдын ала сыбайласып, қоқан-лоққы көрсетіп және жәбірленушінің бас бостандығын шектеп, қызды зорлаған және басқа да әрекеттерге барған».

Зорлады деген күдікке ілінген полицейлерді Свердлов облысы бойынша ІІМ бас басқармасының жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстаған. Тергеушілер бұлтартпау шарасы ретінде соттан үш күдіктіні қамауға алуды сұрап отыр.

Қазақстан Республикасының Қазандағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ басқармасына осы қылмысқа қатысты ақпарат беруді өтініп, жазбаша сауал жолдады, деп хабарлады Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.

«Консулдықтан зардап шегушінің өзі көмек сұрамаған. Сол себепті Қазақстан азаматы ма, жоқ па, әлі нақты растай алмай отырмыз», — деп атап өтті ол.

Дереккөзі: sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде