jasqazaq.kz

Ресейлік әнші Қостанай әуежайында талып қалды

28 тамыз 2017, 16:05

Танымал ресейлік әнші Виктория Дайнеко Қостанай әуежайында паспорттық бақылаудан өткен сәтінде есінен танып қалды. Ол Қазақстанға концерт беру үшін келген. Бұл туралы  NUR.KZ порталы 7days.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі ресейлік әнші Қостанай әуежайында есінен танып қалған

Абырой болғанда, әнші құлаған сәтінде көмекшілерінің бірі оны ұстап үлгерген. Нәтижесінде Виктория ауыр жарақат алмады. Әншіні әуежай ғимаратынан сыртқа шығарып, жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем Викторияға тез ес жинауға көмектесіпті.

«Көшеде қолымды уқалап жатқан сәтте ес жинадым… 70/60 қан қысымы өз әсерін тигізіп, есімнен тандым. Құлаған сәтте басыңды жарып алмауға көмектесетін ер адамның қасыңда болғаны қандай жақсы. Әрине, жедел жәрдем мені алып кеткісі келді. Алайда мен концертіме келетін достарымды тастап кете алмадым. Қан қысымымды көтерді, тәттілерге тойып алдым. Енді ұйықтамаймын»,— дейді әнші.

Табынушылары болса, Викторияның денсаулығына алаңдаулы. Олар әнші анорексияға шалдыққан деп болжағанымен, Виктория бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Өткен аптада Викторнияның Дмитирий Клейманмен ажырасып кеткені анықталған болатын. Бір қызығы, сот әншінің қатысуынсыз өткен.

 «Бізде ешқандай шақыртусыз, сотта бір рет те болмай ажыраса беретіні қызық»,— деп таңданыс білдірді Дайнеконың өзі.Қостанайдағы концертінен кейін әнші Мәскеуге қайтып оралды деп жазады  Today.kz. Ол сахнада тек 20 минут болған.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде