jasqazaq.kz

Ресейлік нөмірлі көліктерге тексеріс күшейді

20 ақпан 2019, 18:12

Тәртіп сақшылары ресейлік нөмірлері бар көліктерге тексерісті күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері заң бұзған көлік жүргізушілері 15 миллион теңге айыппұл төлеген. «Бүгінде ресейлік нөмірлері бар көліктерге тексеріс күшейді. «Борышкер» операциясы барысында осындай мыңдаған көлік «Автоураган» жүйесіне енгізілді. Енді бұл көліктердің иелері іздестіріліп, айып тұрағына жеткізіледі», — делінген ПД баспасөз қызметі хабарламасында. Қостанай облысы полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Серік Әбдіхалықовтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушыларды тұрғылықты жері бойынша іздестіруде. Сондай-ақ борышкерлер жол-техникалық және тіркеу-емтихан қызметіне қатысты қандай да бір операцияларды жүргізу кезінде тексеріледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде