jasqazaq.kz

Ресейлік көліктің нөмірі үш көліктен анықталды

09 қараша 2021, 12:09

Атырауда Ресейден әкелінген көліктің нөмірі 3 көлікке тіркелегені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында 8-17 қараша аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

– Іс-шараның алғашқы күнінде сағат 17:00 шамасында Ақтау-Атырау тас жолында патрульдік полициясы қызметкерлері жылдамдықты асырғаны үшін маркасы Toyota Ipsum Ресей автокөлігін тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырды. Содан автокөліктің құжаттарын тексерген кезде автокөліктің тіркеу белгісімен маркасы сәйкес келмейтіні анықталған. Яғни, аталған мемлекеттік белгі Nissan Fuga және MАЗ автокөліктеріне тіркелгені анықталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 386-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қоғалды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Сондай-ақ, облыс аумағында Қазақстан аумағында жалған тіркеу нөмірі мен құжаты бар 100-ден астам ресейлік автокөлік анықталған. Бұны сатып алған адам көлік Ресейде тіркеуде тұр деп ойлайды. Егер ол сенімхатпен немесе сақтандыру полисі негізінде сатылса, иесі көлік салығын төлеймін деп кез келген уақытта одан бас тартады. Ал Қазақстандық жүргізуші жол апатына түссе, сақтандыру төлемін ала алмайды.

– Шетелдік нөмір таққанымен ешқайда тіркелмеген автокөліктерді анықтап, заңды шарасын қабылдау мақсатында жұмыстар жалғастырылуда, – деді Берік Амангелді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 айында облыс көлемінде өзге мемлекеттердің тіркеуінде тұрған автокөліктерді басқарған жүргізушілердің кінәсінен 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 17 адам қаза болып, 75 адам дене жарақаттарын алған.

2021 жылдың 10 айында шетелдік автокөліктермен жол жүру ережесін бұзған 4096 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталған.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр