jasqazaq.kz

Ресейлік футболшы матч үстінде қайтыс болды

05 сәуiр 2021, 10:42

4 сәуірде ресейлік «Знамя труда» жастар клубының футболшысы Никита Сидоров кезекті матч кезінде қайтыс болды. Матч Орехово-Зуево қаласындағы «Торпедо» стадионында өтіп жатқан. Жас футболшының мазасы болмай, алаңда кенет жерге құлаған. Оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, жедел жәлдем шақырылғанмен, дәрігерлер оны ажалдан құтқарып қала алмады. Тіпті, алғашқы көмек көрсеткендердің қатарында футболшының әкесі де болған.

«Жастар командасының негізгі матчы кезінде Никитаның жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер 18 жастағы футболшыны құтқара алмады», – делінген клубтың әлеуметтік желідегі ресми хабарламасында.

Әзірге футболшының нақты неден қайтыс болғаны айтылған жоқ. Қазір бұл жағдайға қатысты медициналық сараптамалар тағайындалды.

Никита Сидоровтың алаңдағы позициясы — қорғаушы. Никита 2015 жылдан бастап
«Знамя Труда» командасына қосылған. 2016-2018 жылдары «СШ Спартак-Орехово» командасында ойнап, 2019 жылы «Знамя Труда» клубына қайта оралған. 2020 жылы Никита Сидоров Лиге Б турнирінде 8 матчта ойнап, алаңда 686 минут уақыт өткізген. Бір сары қағаз алған.

Azattyq-ruhy.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия