jasqazaq.kz

Ресейлік блогер ұлына «Димаш» деп ат қойды (видео)

01 қараша 2019, 16:25

YouTube-те «Будда Гришна» деген лақап атпен танымал ресейлік блогер видео жариялап, ұлының атын не үшін Димаш Құдайбергеннің құрметіне қойғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Блогер өзінің бейнеүндеуін көлікте отырып жазған. Себебі баласының дүниеге келуіне байланысты үйінде қарбалас басталып кетіпті. Ол «Ұлыңның атын қалай қойдың?» деп сұрайтындар көбейіп кеткенін айтады.

«Оны бірден жариялған жоқпын. Себебі маған сенбейсіздер деп ойладым. Хайп деп айтуларыңыз да мүмкін. Мен ол адамды қатты құрметтеймін және жоғары бағалаймын. Мені түсінетін шығарсыздар, балаға есім беру – өте жауапты іс. Ұлымыздың атын қазақстандық әнші Димаштың құрметіне қойдық», — дейді блогер.

Ол баласына тәрбие беру тұрғысында Қанат және Светлана Айтпаевтарға сәл де болса, ұқсағысы келетінін жасырмады.

«Менің ұлым да рухани жағынан бай Димаш Құдайберген сияқты тамаша адам болса екен деп армандаймын», — деп атап өтті «Будда Гришна».
Блогер «Дінмұхаммед» деген есімнің мағынасын да ашып берді. Ал өз баласын «Димаш» деп атағанда әлемге ізгілік пен тазалықтың нұрын сеуіп жүрген Димаш Құдайбергеннің тұлғасын, оның бойына ата-анасы сіңірген құндылықтарды ойлайтынын жеткізді.

«Осы уақытқа дейін баласының есімін Димаш Құдайбергеннің құрметіне ешкім қойған жоқ. Сондықтан мен бұны бірінші болып бастап отырмын. Мен үшін бұл – үлкен абырой. Себебі өз баламның есімін тамаша әнші ғана емес, миллиондаған жанға нағыз адамның үлгісін көрсетіп жүрген азаматтың құрметіне қойып отырмын», — деп түйіндеді ресейлік блогер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от №1 В ШЫМКЕНТЕ 👑 (@v.shymkente)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде