jasqazaq.kz

Ресейлік әйел 14 жыл бойы Қазақстанда заңсыз зейнетақы алған

29 шiлде 2021, 15:11

Қостанай облысында Ресей азаматы 14 жылдан бері заңсыз зейнетақы алып келген.

Қостанай облыстық соты В. есімді азаматшаның Ресейде 1998 жылдан бері зейнетақы алып келгенін хабарлады. Бірақ оған бір зейнетақы жеткіліксіз болып, ол 2006 жылы ҚР зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына жасына байланысты зейнетақы тағайындау туралы өтінішпен жүгінген. ҚР азаматының жеке куәлігін көрсетіп, Ресей Федерациясының азаматтығының болуы фактісін жасырып қалған екен.

Оның бір мезгілде Қазақстанда да, Ресейде де зейнетақы алғаны былтыр белгілі болды.

Төлемдер 2020 жылдың 1 шілдесінде тоқтатылды.

ҚР паспорты мен жеке куәлігін пайдаланғаны үшін В-ны ағымдағы жылдың шілдесінде Ұзынкөл ауданы ІІБ көші-қон қызметі ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

28.06.2006 ж. бастап 30.04.2020 ж. аралығындағы кезеңде В. 9 401 727 теңге мөлшерінде заңсыз зейнетақы төлемдерін алған.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің талап-арызын сот қанағаттандырып, В-дан республикалық бюджеттің кірісіне жасына байланысты заңсыз алынған зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің сомасын — 9 401 727 теңге мөлшерінде өндіріп алынды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия