jasqazaq.kz

Ресейге салынған санкцияға байланысты Қазақстан ірі сауда брендтерімен тікелей байланыс орнатып жатыр

13 сәуiр 2022, 11:27

Ресейге салынған санкцияларға байланысты ҚР Үкіметі халықаралық сауда брендтерінің кеңселерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмысты бастады. Бұл ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда 300-ге жуық халықаралық компания экономиканың барлық салаларында өздерінің Ресей нарығынан кететінін немесе инвестициясын, тауарларды жеткізуін немесе басқа қызметін шектейтінін мәлімдеді. Бұл ретте тауарлардың кең спектрі Қазақстанға шетелдік компаниялардың Ресейде орналасқан дистрибьюторлары арқылы жеткізіледі. Қазақстан бизнес жүргізудің көптеген маңызды тұстары бойынша (тұрақты банк жүйесі, бизнес пен инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, қолайлы салық салу және т.б.) шетелдік компанияларға қызықты болуы мүмкін. Осыған байланысты Үкімет олардың Орталық Азия және ТМД өңіріндегі жұмыс стратегиясын түсіну үшін осы компаниялардың кеңселерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмысты бастады» деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Оның мәліметі бойынша, ірі халықаралық компаниялардың көшуі үшін бүкіл ұйымдастырушылық және заңнамалық мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау қажет.

«Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады», — деп жазады Үкімет басшысы.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді