jasqazaq.kz

Ресейдің СпутникV вакцинасы Қазақстанда әлі тіркелмепті

03 ақпан 2021, 22:38

«Спутник V» вакцинасын салдырғандардың иммунитеті күшейеді. Ал екпенің әсері тек 50 күннен асқан соң ғана байқалады. Бас санитар дәрігердің айтуынша, қоғамдық иммунитетті қалыптастырудың тиімді әрі жалғыз жолы – жаппай вакциналау. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов: «Ресейлік екпе коронавирустың жаңа «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдарына да тойтарыс бере алады» — деп мақтауын асырды. «Тек екпе жасатқаннан кейін де бетпердесіз жүруге болмайды» — дейді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер. Дәрігерлермен қоса шенеуніктер де алғашқылардың сапында екпе салдырған. Бір қызығы, мақтаулы ресейлік вакцина Қазақстанда ресми түрде тіркелмепті.

Ерлан Қиясов, ҚР бас санитар дәрігері:

— Әрине, тіркелуі маңызды. Айта кетейік, жаппай екпе басталмас бұрын препараттың клиникалық зерттеу деректері алынып, зерделенді. Әрі Ұлттық сараптама орталығында тексеріліп, вакцинаны елге бір рет әкелуге рұқсат етілген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде