jasqazaq.kz

Ресейдің көптеген командасы Исламханға айлық төлеуге шамасы келмейтіні айтылды

23 мамыр 2020, 12:01

Белгілі агент Дмитрий Селюк Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның Италия мен Ресей чемпионатындағы болашағына қатысты ойын айтты.

«Исламхан Италияда ойнай алады деп сенемін, өйткені, олар ойыншыларды жиі алып, оларды жалға беріп отырады, ары-бері айналдырады. Исламхан — техникасы бар, жақсы футболшы. Келесі маусымдағы жаңа лимитті есепке алсақ, Ресейде де ойнай алады. Бар қиындық айлығы жоғары боғаныдығында, мұндай ақшаны РПЛ-де 3-4 клуб қана төлей алады, бірақ, Бауыржан ол командаларды күшейте алады деп ойламаймын. Сол баяғы «Зенитті» де күшейтпес, өйткені, олар Ресей чемпионаты емес, Чемпиондар лигасын көздеп отыр. Ал «Зенитке» қосалқы ойыншы ретінде, мүмкін. «Рубин»? ол да жақсы вариант, оларға көтерілу керек, сондықтан, күшейту үшін онда бара алады», — дейді Селюк.

Исламхан қазіргі кезде «Аль-Айн» сапында, футболшының БАӘ клубымен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Мұның алдында қазақстандықтың агенті Марат Арчегов футболшыға Ресей мен Италияның А сериясынан қызығушылық барын айтқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде