jasqazaq.kz

Ресейдің қаржы нарығы құлдырады

10 наурыз 2020, 15:40

Ресей Федерациясының негізгі қаржы индекстері сейсенбі күні мәскеулік биржаның ашық саудасында құлдырап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сонымен, Мосбиржа индексі 10,4%- ға, 2436 пунктке дейін, РТС индексі 16% -ға, 1056 пунктке дейін (2019 жылдың қысынан бері ең азы) төмендеді, деп хабарлайды ТАСС.

Мұнай бағасының рекордтық құлдырауы Венада өткен ОПЕК + елдерінің мұнай өндіруді қысқарту туралы сәтсіз келіссөздерінен кейін басталып, нарықтағы жағдай күрт төмендеді. 9 наурызда Лондондағы ICE биржасында сауда-саттық кезінде Brent маркалы мұнайдың жеткізілімі фьючерсі 30% -дан астамға арзандап, барреліне 31,02 долларға дейін түсті. Сейсенбіде мұнай 8,3% -ға өсіп, баррелі 37,22 долларды құрады. Мәскеулік биржаның мәліметіне сәйкес, РФ ірі мұнай-газ компанияларының («Роснефть», «Лукойл», «Сургутнефтегаз», «Газпром») құнды қағаздары 12-15%-ға, тұтынушылық секторы («М.Видео», «Магнит», X5 Retail Group) 28%-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ ресейлік қаржы секторының баға белгіленімі де түсіп кетті. Сбербанк шамамен 13%, ВТБ — 12% жоғалтты. Технологиялық компаниялардың акциялары биржалық индекстерден кейін құлдырады: Яндекс — 7%, Ростелеком — 9%, «Система» AФК — 12% төмендеді. Энергетикалық компаниялардың қағаздары мәскеу уақыты бойынша 10:40-та Мосбиржада шамамен 10%-ға түсті: «Россети» 7,2%-ға, ТГК-1 — 9,5%-ға төмендеді. Сауда-саттықта «жасыл аймақта» Polymetal (+7,1%), «Полюса» (+3,5%), «Фосагро» (+2,9%), «Северстали» (+1,6%) құнды қағаздары жүр. Айта кетер болсақ, дүйсенбі, 9 наурызда ресейлік компаниялардың құнды қағаздары Лондон және Нью-Йорк қор биржаларында құлдырады.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі