jasqazaq.kz

Ресейдің ірі тау курорты «Роза Хутор» Қазақстанда өз мүмкіндіктерін таныстырды

11 желтоқсан 2019, 10:32

   Елімізге «Шымбұлақтың» бауырлас-курорты – «Роза Хутор» тау курортының делегациясы келді. Курорттың халықаралық қатынастар және туризм департаментінің басшысы Аркадий Марков бастаған делегация қазақстандық туроператорлар мен турагенттіктерге «Роза Хутор» мүмкіндіктерін, ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа тақырыптар мен перспективаларды, сондай-ақ 2019-2020 жылдарға әзірленген жаңалықтарды таныстырды.

Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік ағын соңғы жылдары белсенді түрде өсуде. 2018 жылдың қазан айында қол қойылған екі елдегі ең танымал «Шымбұлақ» және «Роза Хутор» тау курорттары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум бұған өз үлесін қосты. Меморандум аясында серіктес курорттар курорттық-сауықтыру демалысын, спорт пен туризмді ұйымдастыру мен дамытуда ақпараттық, білім беру, әдістемелік және консультациялық қолдауды жүзеге асырады. Айтпақшы, жазда «Роза Хутор» Қазақстаннан мыңыншы келушіні қабылдады, биылғы маусымда курорт кем дегенде нәтижені екі еселеуге үміттенеді.

«Тұрақты әуе қатынасын ұйымдастырудың арқасында Қазақстаннан туристер «Роза Хуторға» жиі келеді. Мұнда оларды ең алдымен, белсенді және әртүрлі демалыс түрлері еліктіреді: таудағы жаяу бағыттар, родельбан, аспалы көпір, биік таулы әткеншектер, веложарыс, Қара теңіздегі фирмалық жағажай. Бізде балалардың бос уақытын өткізуі жақсы ұйымдастырылғаны аян, мейрамханалардың үлкен таңдауы, концерттік бағдарлама да бар. Кезекті қысқы маусымға біз бірқатар жаңа белсенділіктер мен тиімді ұсыныстарды дайындадық, олар туралы Қазақстандағы әлеуетті серіктестерімізге баяндауға асықпыз», — деп атап өтті «Роза Хутор» ТК халықаралық қатынастар және туризм департаментінің басшысы Аркадий Марков.

Роза Хутор» мамандарының Қазақстанға сапары барысында өзге де маңызды іс-шаралар қатарында курорттың презентациясы және қазақстандық екі университет – «Тұран» және Almaty Management University-дің тиісті факультет студенттеріне арналған «Оқиғалы туризм туристік қызметтерді дамытудың перспективалы түрі ретінде» атты лекциясы болды. Қазақстандық студенттер курорттың тарихы және даму жоспарларымен танысты, туризмдегі серпінді дамып келе жатқан бағыт туралы сөз тыңдады. Дәріс қорытындысы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтті, онда студенттер курорт мамандарымен барлық қызықты аспектілерді талқылады.

7 желтоқсанда «Шымбұлақта» өтетін «Роза Хутор» курорты күні Алматыға Сочиден келген делегацияның бағдарламасын тәмамдайды. Қонақтарды

«Роза Хутор»-мен бейне-танысу ғана емес, сонымен қатар жүргізуші, әсерлі музыка, «Бахар», «Тарки Тау» би ұжымдарынан және «Империал» шоу-балетінен көңілді би, Маша және Аю балалар анимациясының қуыршақтары күтеді, сондай-ақ дәстүрлі құймақтан дәм татуға болады.

Анықтама:

«Роза Хутор» – 2014 жылғы Сочидегі XXII Олимпиада және XI Паралимпиялық қысқы ойындарының ең ірі олимпиадалық нысаны, Адлер халықаралық әуежайынан бір сағатта орналасқан әлемдік деңгейдегі жыл бойынғы тау курорты. Қыста демалушылар үшін ең үздік әлемдік сарапшылар жобалаған жалпы ұзындығы 102 километр тау шаңғысы трассалары, 29 көтергіш қызмет көрсетеді. Жазда көркем тау беткейлері бойынша жаяу және веломаршруттар белсенді сұранысқа ие. Курортта әр түрлі жұлдызды санаттағы 18 қонақ үй жұмыс істейді. Курорт сервис пен қауіпсіздіктің жоғары стандарттарымен, сондай-ақ озық технологиялармен ерекшеленеді. 2013 жылдан бастап алты жыл қатарынан «Роза Хутор» World Ski Awards нұсқасы бойынша Ресейдің ең үздік тау-шаңғы кешені болып саналады. Бүгінгі күні «Роза Хутор» курорты (https://rosakhutor.com) сондай-ақ, ТМД үздік тау-шаңғы курорттарының рейтингісін бастап тұр (http://www.trn-news.ru/digest/93274). 2018 жылы курорт 2 миллионнан астам адамды қабылдады, бұл көрсеткіш оның жыл сайын туристерді тарту бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі екендігін растайды.

Ал сенбі күні Шымбұлақта «Роза Хутор» курортының күні өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары сонымен қатар туристер «Роза Хутор» курортының шығу тарихымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, қызықты ойындарға қатысып сыйлықтарға ие болды.

Сонымен қатар қонақтарға әсем ән шырқалып, орыс халқының ұлттық биі келген жұртшылықтың көңіл күйін көтерді.

 

Мақпал Ноғайбаева

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда