jasqazaq.kz

Ресейдің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді

27 сәуiр 2022, 10:37

Мәскеудің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Шамамен 03:35-те мен жарылыс сияқты қатты дыбыстан ояндым. Осы хабарламаны жазып жатқанымда тағы үш жарылыс болды», — деп жазды облыс губернаторы Вячеслав Гладков Telegram арнасында. Кейінірек Гладков нақтылағандай, алдын ала мәлімет бойынша, Белгород облысындағы Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы өртке оранған.

«Мен Головинский ауылдық елді мекенінің басшысы Денис Золотухинмен жаңа ғана хабарластым. Алдын ала мәлімет бойынша, Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр», — деп жазды Гладков.

Облыс губернаторының айтуынша, бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, тұрғын үйлер мен үйлердің қирауы тіркелмеген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр