jasqazaq.kz

Ресейден ұрланған көліктер Қазақстан шекарасында ұсталды

17 шiлде 2019, 17:09

Шекарашылар Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстанға асырмай, ел шекарасында ұстады.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлайды. «Өткен түнде Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек авто» бөлімшесінде шекарашылар Өзбекстанға қарай өтпек болған «Тойота Rav 4″ автокөлігін тексеріп, оның Ресей Федерациясында іздеуде тұрған автокөлік екенін анықталды», — деп жазылған ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Көліктің жүргізушісі 1976 жылы туған Тәжікстан азаматы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада. Арада екі жарым сағат өткенде Өзбекстанға бет алған тағы бір «Тойота Rav 4» автокөлігі қолға түсті. Ол да Ресей аумағынан ұшты-күйлі жоғалған. Оның жүргізушісі 40 жастағы ресейлік те полиция қызметкерлеріне табысталды.

ktk.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді