jasqazaq.kz

Ресейден қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

19 сәуiр 2018, 14:44

Ресейдің Ленинград облысында «Примирение» іздеу жасағы қазақстандық жауынгердің сүйегін тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат сайты Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ленинград облысының Киров ауданындағы іздеу жұмыстары кезінде Гайтолово деревнясынан жұмысшы-шаруа қызыл әскерінің сүйегі табылды. Ол балшықты топырақтың астында, 30 сантиметр тереңде жатыр. Оның қасында жеке бұйымдары: қазанша, қасық, шыны торсық, газтұтқыш табылды, сондай-ақ оқ-дәрілерден екі қол гранаты бар. Суретін қоса жіберемін», — дейді жасақтың командирі Сергей Барсуков. Әскердің мойынтұмарындағы мәліметтерге қарағанда, ол — 1914 жылы Көкшетау облысы, Чистопол ауданының Гаршино ауылында туған Әбділқасым Жаманбаев. Жауынгер соғыстың алғашқы күндері 1941 жылғы 18 шілдесінде Рузаев аудандық әскери комиссариаты тарапынан әскерге алынып, 1942 жылғы ақпаннан бастап із-түзсіз жоғалғандар тізіміне қосылған. «Соғыстан кейінгі жылдарда әкесі Ысмайылов Әубәкір оны көп іздеді. Тек 76 жыл өткеннен кейін ғана сүйегі табылып отыр. Қазақстанның тағы бір батыры Отанына оралады деп сенеміз. Оның туыстары табылса екен», — дейді іздеушілер. Жауынгер туралы оларда басқа мәлімет жоқ.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді