jasqazaq.kz

Ресейден қайтарылған Байқоңыр жеріне үйлер салынбақ

14 қараша 2017, 22:41

Ресей Байқоңырдың кей жерлерін Қазақстанға қайтарғанмен, ғарыш айлағынан кетпейді. Келісім-шартқа сәйкес Роскосмос 2050-ші жылға дейін Қазақстан аумағынан зымырандарын ұшыра бермек.Бұл туралы ktk.kz мәлімдеді.

 

 

 

Ресейдің Челябі қаласында өткен өңіраралық кездесуде Байқоңырдың 11 жарым мың гектар жері кері қайтарылатыны белгілі болды. Жерді қайтарып алу туралы өтінішті Қазақстан тарабы өзі білдірді дейді Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. Жақын арада ғарыш айлағының тағы үш алаңы өзіміздің бақылауымызға өтеді. Ресейдің жалдап отырған жері тарылғанымен төлейтін ақшасы сол қалпы, жылына 50 миллиард теңге көлемінде өзгеріссіз қалады. Ал өз уысымға түсетін 11 мың гектар жер зиянды қалдықтардан тап-таза дейді Атамқұлов. Енді бұл участіктерге жарық, су, газ тартып халықтың үй салуына жағдай жасалмақшы.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

—Халықтың да саны өсті. Құрылыс та жүріп жатыр. Халыққа да жер керек қой. Одан кейін инфрақұрылым өткізу керек. Соның барлығына Қызылорда облысының әкімшілігімен келісім жалдан жерді қайтарып жатырмыз. Ешқандай қауіп жоқ. Ол деген Төретам мен Ақайдың төңірегіндегі жер. Ол таза жер.

Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті