jasqazaq.kz

Ресейден келген семейлік студент қыздан коронавирус анықталды

21 мамыр 2020, 10:04

Семейге Ресей Федерациясынан келген 19 жастағы студент қыздан COVID-19 вирусы анықталды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведоствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

20 мамырдағы мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.

«Ресей Федерациясымен шекарадағы «Ауыл» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекеттен өткенде эпидемиолог мамандар сенсор термометрмен дене қызуын өлшеп, сауалнама жүргізгенде студент қыздың денсаулығына шағымданбаған. Алгоритмге сәйкес экспресс тестілеу теріс нәтиже көрсеткен. Автоөткел мамандары 14 күн үй карантинінде болу қажеттілігі туралы түсіндірген. Семей қаласына келген соң үй карантиніне алынып, тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің бақылауында болды. Медицина қызметкерлері ПТР әдісімен қайтадан тексеру мақсатында биологиялық материал алынды. Диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша COVID-19 анықталды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта пациент жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды және тиісті ем алып жатыр. Айта кетерлігі, облыста коронавирус жұқтырған 59 адам тіркелген, оның ішінде 28-і емделіп шыққан.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі