jasqazaq.kz

Ресейден келген ет өнімдері дүкен сөрелерінен алынып жатыр

24 қазан 2018, 14:49

Ресейден жеткізілген тартылған ет, бройлер балапаны қанаты және шұжықты Қазақстан сөрелерінен алып тасталынып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Қазақстанға мына өндірушілер жеткізетін тамақ өнімдерінің сынамаларында жалпы микробтық тұқымдану көрсеткіші бойынша: — «ФинИнвест» ЖШҚ (РФ) — «Котлетный» тартылған ет сынамасында; — «СПК Курников» ЖШҚ (РФ) — «Натуральный», «Крестьянский» тартылған ет сынамаларында; — «Ставропольский бройлер» ЖАҚ (РФ) — бройлер балапаны қанаты сынамаларында; — «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ (РФ) — «Особая со шпиком» шұжық сынамасында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының бұзушылықтары анықталғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта сапасыз өнімдерді өткізушілерге қатысты, оның ішінде сауда объектілерінен сапасыз тауарды алып тастау бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда. Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнім анықталған болса, Комитеттің мекенжайына жазбаша және 8 /7172/ 74-26-97 телефон нөміріне хабарласуға болады», — делінген ҚДСК хабарламасында.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді