jasqazaq.kz

Ресейден келген азамат ауылдағы ата-анасына коронавирус жұқтырды

07 мамыр 2020, 10:28

Солтүстік Қазақстан облысында үш адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

1983 жылғы РФ азаматы (Омбы қаласынан) — «Омбы ‒ Қостанай» бағыты бойынша келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі. Ол 21 сәуір күні СҚО-ға келіп, Мүсірепов ауданының Червонное ауылында тұратын ата-анасының үйіне тоқтаған. Шекарадан өту кезінде одан COVID-19-ға анализ алынған, зерттеу нәтижесі теріс болды. Осы уақыт бойы РФ азаматы үй карантинінде болды.

5 мамыр күні ол қалтырау, жөтел, дене қызуының 37 градусқа дейін көтерілуіне байланысты шағымданған. Ол Мүсірепов аудандық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылып, қайта тексерілді. 6 мамырда оның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Жедел түрде науқаспен бірге тұрған 1956 жылы туған әкесі және 1959 жылы туған анасы тексерілді.

Зертханалық зерттеу нәтижесі олардың да COVID-19 вирусын жұқтырғанын көрсетті. Отбасы қазір Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Пациенттердің жағдайы — қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу басталды. Байланыс жасаған адамдардың саны белгіленуде. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық