jasqazaq.kz

Ресейден келетін тауық етінен қауіпті кесел анықталды

04 мамыр 2018, 14:43

Қостанайда әлеуметтік тағамдарға тексеріс кезінде сальмонелла бактериялары табылған. Жұқпалы ауру Ресейден әкелінген тауық етінің фаршының бір партиясынан анықталды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Мониторинг барысында Беларусь, Украина, Қырғызстан мен Ресейден келген құс өнімдерінен үш жүзден астам сынамалар алынған. Олардың 20%-ы кедендік одақтың техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болған. Әйтсе де Қостанай облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары: «Алаңдауға негіз жоқ. Тиісті шаралар қолданылды. Қауіпті кесел білінген тағамдарды елімізде сатуға шектеу қойылды», – деп мәлімдеп отыр. Назерке Ахметова, Қостанай облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы: – Жақында комитеттің тапсырмасы бойынша мониторинг өткізілді. Сол мониторингтің нәтижесі бойынша бір тауардан сальмонеллез табылды. Ол бойынша біздің департаменттің өкілдері ұйғарым берді. Ол бойынша бұл тауарлар сатылымнан алынды. Қазіргі таңда жоспардан тыс мониторинг жүргізілді. Жаңағы тауар қазіргі уақытта дүкеннен алынып тасталды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде