jasqazaq.kz

Ресейден газ тарту үшін шекаралас облыстардың қажеттіліктері зерттеліп жатыр

17 ақпан 2022, 12:12

ҚР Энергетика министрлігі Ресейден газ тарту үшін шекаралас облыстардың қажеттіліктерін зерттеп жатыр,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы вице-министр Жандос Нұрмағанбетов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

«Энергетика министрлігі «Газпроммен» келіссөздер жүргізген болатын. «Газпром» Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне қанша газ керектігі туралы нақты ақпарат беруді сұраған. Әкімдіктерге сондай сауал жолдадық. Қазір әкімдіктер осы бойынша өтінім қалыптастырып жатыр. Олар қандай кәсіпорындарды, жеке сектордың қанша бөлігін газға қосуға болатыны туралы жоспар жасап жатыр. Қандай кәсіпорындар газға көшуге дайын екені анықталып жатыр. Қазақстандық кәсіпорындар үшін электр қуатын өндірісте пайдалану әлдеқайда арзан. Оның үстіне Ресейдегі газдың бағасында да айырмашылық бар. Бұл жұмыстар жылдың бірінші тоқсанында бітуі керек. Содан кейін энергетика министрлігі қанша газ керек, оны қалай жеткізуге болады, бұл жоба қанша мерзімде іске асады деген сұрақтарға жауап бере алады, — деді Жандос Нұрмағанбетов.

Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша келіссөз неге «Газпроммен» жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

«Менің қолымдағы мәліметке қарағанда, «Газпром» Ресейдегі газ тасымалдау және жеткізу бойынша оператор болып табылады. Сондықтан Ресейден газ тарту туралы келіссөздер «Газпроммен» жүргізіліп жатыр. Сұйытылған газды жеке компаниялар да тасымалдайды. Ал құбыр арқылы келетін газға «Гапром» жауапты», -деді вице-министр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде