jasqazaq.kz

Ресейден 2,5 млн теңгеге Toyota алмақ болған жігіт алданды

04 қараша 2021, 13:21

Ресейден автокөлік алып келуге уәде берген азаматқа ақшасын беріп, қаражаттан қағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айының соңында Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық ПБ «102» жедел арнасына қаланың 31 жастағы тұрғыны жүгінді.

Ол 2021 жылдың мамыр айында бұрын танымайтын ер адам «Toyota» автокөлігін сату сылтауымен алдап және сенімге кіріп, оның ақшасын иемденгенін хабарлады. Келтірілген залал 2 500 000 теңгені құрады.

-Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді. Күдікті тергеу барысында ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Жәбірленуші онымен көлік жуу орнында танысқаны анықталды. Әңгіме барысында ол нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен жақсы көлік әкеліп беруге уәде берген. Келісім-шарттан кейін ер адам күдіктіге 2 500 000 теңге берген,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК — нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді