Ресейдегі қант бағасының өсуі Қазақстанның ішкі нарығына әсер етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері екі ай ішінде қант құнының өсуі 3,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 3,5%-ға төмендеуі байқалды). Өңірлерде қант Шымкент қаласында — 14,7%, Қарағанды — 11,1%, Ақтау — 10%, Талдықорғанда — 5,1%, Тараз — 4,6%, Орал мен Павлодар — 4%, Жезқазғанда — 3,6%-ға қымбаттады. Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 2 көтерме жеткізушіге бағалард төмендету туралы хабарлама жіберілді (Қарағанды обл.). Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды. Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл ішкі нарықты 60% қамтамасыз ететін ресейлік және белорустық өндірушілердің өнімдерді жеткізушілер бағаларының өсуі. Қазіргі кезде Ақсу және Меркі қант зауыттары (Алматы және Жамбыл обл.) маусымның аяқталуына байланысты өз өндірісін уақытша тоқтатты.