jasqazaq.kz

Ресейде жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті

16 шiлде 2021, 18:15

Ан-28 жолаушылар ұшағы Томск облысында радардан жоғалды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне авиациялық қызметтегі ақпарат беруші мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Әртүрлі деректер бойынша, ұшақта 13-17 адам бар. Олардың төртеуі – бала. «Ұшақ Бакчар ауданында радардан жоғалды. Оның төтенше маягі іске қосылған. Бортта 17 адам бар, олардың төртеуі – бала. Үшеуі – экипаж мүшелері», — деді авиациялық қызметтегі ақпарат беруші ТАСС агенттігіне. Ол Ан-28 ұшағының шамамен қайда екенінің координатасы анықталғанын нақтылады. «Ан-28-дің төтенше маягінің іске қосылғаны тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, координаталар Бачкар ауылының маңын көрсетіп тұр», — деді агенттікке сұхбат беруші. Оның айтуынша, экипаж борттағы ақаулар туралы хабар бермеген. «Ұшу штатты түрде өтті. Экипаж борттағы ешқандай ақау немесе проблема туралы хабар бермеді», — деді агенттікке сұхбат беруші. Одан бөлек, ұшақта ұшу алдында ешқандай техникалық ақау болмаған. «Ұшу алдындағы барлық процедуралар жасалған. Ұшақта техникалық ақау анықталмаған», — деп қосты ол. Ан-28 ұшағы құлаған болуы мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия