
Ресейде жолаушылар автобусы көпірден құлады. Бүгінде қаза тапқандардың саны 19-ға жетті, — деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға салдарынан тағы 21 адам түрлі жарақат алған.
РФ Жол полициясының мәліметінше, оқиға 1 желтоқсанда Забайкалье аймағынан 60 шақырым жерде орналасқан Могойтуй — Сретинск — Олочи автожолында болған. Сретинск — Чита бағытындағы автобус жүргізушісі 43 жолаушыны алып келе жатқан.
«Алдыңғы дөңгелек сынып қалғаннан кейін қозғалыс бағытындағы автобус оңға қарай шығып, содан кейін Куэнга өзеніне аударылып кеткен», — делінген хабарламада.
Төтенше қызмет өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта көз жұмғандардың саны 18-ге жеткен. Тағы алтауы ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнына аймақ губернаторы Александр Осипов шықты, апат бойынша қылмыстық іс қозғалды.