jasqazaq.kz

Ресейде жалғызбасты әкелерге де ана капиталы берілетін болды

13 қыркүйек 2021, 11:41

РФ Еңбек министрлігі ер азамат суррогат анадан туған баласының жалғыз ата -анасы болған жағдайда, оған ана капиталын алуға мүмкіндік беретін заңнама әзірлеуде, деп хабарлайды zakon.kz.

«Известия» басылымының хабарлауынша, министрліктегілер бұл түзетулердің 2022 жылдан бастап күшіне енетініне сенім білдіреді.

«Балалы отбасыларға мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары туралы» заңға өзгерістер енгізу жоспарланып жатыр. Оған сәйкес, ана капиталын алуға үміткер адамдар санаты кеңейтіледі.

Қазір ана болудың әлеуметтік проблемаларына (жүктілік пен босану, балаларды толық емес отбасында тәрбиеленуі, жұмысқа орналасуда мүмкін болатын қиындықтарға) байланысты әйелдерге мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары бірінші кезекте көрсетілетіні жайлы құжатта түсіндірме беріледі, деп жазды басылым. Сондай-ақ, әйелдің балаға деген құқығы заңмен тоқтатылған жағдайда ер адамның мемлекеттік қолдау алу құқығы жүзеге асырылуы мүмкін екені көрсетіледі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия