jasqazaq.kz

Ресейде заңсыз жүрген ҚР азаматтарына үндеу жасалды

27 сәуiр 2021, 15:36

Ресей аумағында заңсыз жүрген қазақстандықтар 15 маусымға дейін ҚР ішкі істер органдарына жүгінуі қажет. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті.

Биылғы жылдың 15 маусымына дейін Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары аталмыш ел аумағында болуын заңдастыруы қажет. Кері жағдайда РФ-дан кетуге міндетті. Мұндай талапты Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі қойып отыр. ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Ресейде заңсыз жүрген азаматтар санатына келесілер жатады: — мүлдем тіркеуге тұрмаған; — уақытша тіркеуінің, уақытша болу рұқсатының және тұрғылықты тұруға рұқсатының уақыты өтіп кеткендер. «Онымен бір мезгілде қазақстандықтар заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды», — деді министрліктен. Ал Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартқысы келмегендер және елден өз еркімен кеткісі келмегендер елден мәжбүрлеп шығарылатын болады. Бұдан бөлек, РФ аумағына қайта кіруге шектеу қойылуы мүмкін.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия