jasqazaq.kz

Ресейде ұшақ әуеге көтеріле бере жерге құлады

20 ақпан 2020, 10:35

Бейсенбі күні таңертең Ан-2 ұшағы РФ Магадан облысында әуе айлағына жедел қонды, себебі ол биіктікке көтеріле алмаған. Бұл туралы ТАСС Ресей ТЖМ Магадан облыстық бас басқармасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Ұшақ әуеге көтеріліп бара жатқан кезде құлады. Онда 14 адам болды», — деп хабарлады агенттік дереккөзі. Облыс үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта 11 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған.

ТЖМ баспасөз қызметінің соңғы дерегі бойынша, оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнында денсаулық сақтау министрі Сергей Чеканов жүр. Барлық жолаушылар аман-есен, тек жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бір зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады.

«Жедел жәрдем қызметі кәсіби түрде тез жұмыс істеді. Ешкім қаза тапқан жоқ, балалар болмаған. Қатты зардап шеккен бір науқас бар, ол қазір шокқа қарсы палатада жатыр», — деп атап өтті Магадан облыстық денсаулық сақтау министрлігінен.

Облыс билігінің алдын ала дерегі бойынша, ұшақ Магадан облысында Среднеканск қалалық округі аумағында жұмыс істейтін жеке компанияға тиесілі. Бортта вахтаға бара жатқан компания қызметкерлері болған. Ұшақ Сеймчан кентіне баруы тиіс болған.

Құтқарушылардың мәліметінше, ұшақ 10 метр биіктіктен құлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия