jasqazaq.kz

Ресейде ұрланған көліктерді Тәжікстанға алып өтпек болған

01 ақпан 2019, 17:38

Түркістан облысының Сарыағаш кеден бекетінде ұрланған автокөліктерді өз елдеріне алып өтпек болған Тәжікстан азаматтары ұсталды. Ұсталғандар Ресейде ұрлаған автокөліктерімен бірге Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Сарыағаш шекара жасағының шекарашылары «Жібек жолы-авто» бөлімшесінен ұрланған көліктер өтетіні жөнінде алдын ала хабардар болған. «Үш Тәжікстан азаматы Өбекстанға қарай «Хюндай Солярис» және «Киа Рио» автокөліктерімен өтпек болған. Сөйтіп Ресей Федерациясы аумағында ұрланған автокөліктерді өз елдеріне транзитпен, Қазақстан арқылы жеткізуге әрекеттенген» делінген хабарламада. Шекарашылар сондай-ақ, «Қорғас» шекаралық бақылау жасағының аумағында 22 жастағы қазақстандықтан декларацияланбаған, жалпы салмағы 30 кг-дан асатын жүк тауарын анықтаған. «Декларацияланбаған тауардың арасында ұялы телефонның керек-жарақтары, «смарт-сағаттар», сымсыз құлаққаптар т.б. заттар болған. Барлық тауарлар актімен «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды. Қорғастық шекарашылар кеше тағы да 22 кг иесіз қытай дәрі-дәрмегін тауып, кеденшілерге өткізді» делінген ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз хабарламасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде