
Ресей Федерациясында ұрланған автокөлік Шығыс Қазақстан облысынан табылды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасын жүргізу барысында тәртіп сақшылары «Skoda» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік тізгінінде 27 жастағы ер адам болды. «Тексеру барысында аталған көлік Ресей Федерациясы Челябинск облысы Магнитогорск қаласында ұрланғандар есебінде тұрғандығы анықталды. Автокөлік бірден арнайы тұраққа қойылған» деп хабарлады ведомство өкілдері. Қазіргі уақытта осы фактіге орай материалдарды Ресей Федерациясына жолдау үшін алғашқы шаралар жүргізілуде.
ҚазАқпарат