jasqazaq.kz

Ресейде үй жануарларына вакцина салына бастады

27 мамыр 2021, 16:47

Вакциналау науқаны мал дәрігерлік емханаларда жүріп жатыр. Бұл туралы осы елдің Малдәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет өкілдері мәлімдеді. Ресей наурызда иттер, мысықтар, түлкілер мен қаракүзендерге сынақ жасап, жануарларға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Жергілікті ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы бұл препарат «Карнивак-Ков» деп аталады. 2 дозасы шамамен 7 долларға сатылады. Екпе салынғаннан кейін жануарлардың бойындағы иммунитет жарты жылға дейін сақталады екен.

Юлия Мелано, «Россельхознадзор» басшысының кеңесшісі:

– Қазір біз бұл вакцинаны Еуроодақта тіркету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл іске Польша, Германия мен Венгрия өте мүдделі болып отыр. Сондай-ақ Таиланд, Жапония, Малайзиямен де келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ертең біздің вакцинаны Перуде тіркеу және жеткізу мүмкіндігін талқыламақпыз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия