jasqazaq.kz

Ресейде Telegram бұғатталды

13 сәуiр 2018, 15:40

Ресейде Telegram бұғатталды, деп хабарлайды Today.kz ria.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Мәскеудің Таған соты елдегі Telegram әлеуметтік желісіне шектеу қою, бұғаттау туралы шешім шығарды.

Сот отырысы өте жылдам өтті. Айғақтық заттар мен дәлелдемелер жарты сағаттың ішінде таныстырылған. Осыдан кейін сот кеңес бөлмесіне кеткен.

Telegram мессенджеріндегі диалогтар өзге адамдарға жабық. Сыртқы күш пен билік ондағы диалогты бақылай алмайды. Бұл Ресей бақылау комитетінің алаңдаушылығын туғызды. Олардың ойынша, террорлық әрекетке баратын топтар өз ізін жасыру үшін осы мессенджерді қолданады. Ал бұл елдің қауіпсіздігіне нұсан келтіреді.

Алайда, мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров Ресей бақылау комитеті ұсынған талаптарға келіспей отыр. Тіпті, сотқа қайтадан шағым түсірмек.

Павел Дуровтың ойынша, мессенджердегі диалогтарды бақылауға алу сөз бостандығын шектеп, адамдардың жеке өміріне қол сұғу болып есептеледі.

Telegram-ның заңгерлері сот отырысына қатыспаған. Заңгерлерге сот отырысына баруға мессенджердің құрушысы Павел Дуров рұқсат етпепті.

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық