jasqazaq.kz

Ресейде шығарылған 36 мың дана жұмыртқа кері қайтарылды

15 наурыз 2021, 15:11

Мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары заңсыз Қазақстанға өткізілмек болған ресейлік 36 мың дана жұмыртқаны кері қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ сілтеме жасап.

2021 жылы 11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы бақылау пунктінде ветеринариялық заңнаманы бұза отырып тасымалданған 36 000 дана азық-түлік жұмыртқаларын алып келудің алдын алды. Өнім Ресей Федерациясынан, Орынбор облысынан ЕАЭО талаптарына сәйкес келмейтін ветеринарлық сертификатпен еліміздің ірі қалаларының біріне жіберілген. Заңға сәйкес жүк экспорттаушы елдің аумағына қайта қайтарылды. Бүгінде Қазақстан Республикасында Сыртқы мемлекеттік шекарасында 31 Ветеринариялық бақылау бекеті орналасқан. Ал, Ресей-Қазақстан және Қырғыз-Қазақстан учаскелерінде 32 ветеринариялық бақылау бекеті бар. Айта кетсек, 2021 жылдың басынан бастап жүк тасымалы барысында ветеринариялық-санитариялық ережелерді бұзғандарға 3 325 380 теңге айыппұл салынды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия