jasqazaq.kz

Ресейде президенттік сайлау басталды

18 наурыз 2018, 10:54

Мемлекет аумағында 97 мыңнан астам сайлау бөлімшесі, ал шетелдерде тағы 400-дей учаске құрылған. Олар жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін ашық болады.

Орталық сайлау комиссияның мәлімдеуінше, сайлауда 110 миллионнан астам азаматтың дауыс беруге құқы бар. Ел өміріндегі басты саяси доданы әлемнің 109 елінен 1,5 мыңға жуық шетелдік және халықаралық бақылаушылар қадағалайды. Ал президенттік лауазым үшін 8 үміткер сайысқа түскелі отыр. Олар – Владимир Путин, Григорий Явлинский, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Борис Титов, Сергей Бабурин, Ксения Собчак және Максим Сурайкин. Ресей президенті Владимир Путин тәуелсіз кандидат ретінде тіркелген. Айта кетейік, Ресейде президенттің басқару мерзімі 6 жыл.

Дереккөз: Хабар 24

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды