jasqazaq.kz

Ресейде Ораз-Мұхаммед сұлтанға ескерткіш тақта орнатылды

15 қараша 2019, 17:36

Ресейдің Рязан облысына қарасты Қасымов қаласында Жошы ұлысынан шыққан Ораз-Мұхаммед сұлтанға мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қасым хандығын басқарған Ораз-Мұхаммед сұлтанға ескерткіш тақтаны орнату идеясының авторы – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов.

Естелік белгі Ораз-Мұхаммед жерленген Ескі татар зиратында, Ресейдің мәдени мұралар нысанына енген Ауған-Мұхаммед сұлтанның кесенесіне жақын жерде орнатылды. «Сөз жоқ, бұл – бір тұлғаға ғана емес, тұтас бір дәуірге, сонау аласапыран дәуірдегі қазақ сұлтандығының Ресейдегі тарихи ізіне, екі халықтың арасындағы достық пен ынтымақтың, бірлік пен тірліктің өзіне қойылған ескерткіш деп білемін. Сол себепті, Ораз-Мұхаммедтің есімі бүгінгі ұрпақ санасында орыс-қазақ достығының символы әрі екі ел арасындағы дипломатиялық алыс-берістің қарлығашы ретінде мәңгі сақталады», — деді салтанатты шара барысында Елші Иманғали Тасмағамбетов. Ол сондай-ақ бастамаға қолдау көрсеткен Рязан облысының әкімшілігі мен дипломатиялық өкілдігіне алғыс білдірді. Мемориалдық тақтаны жасау үшін табиғи қоңыр түсті гранит пайдаланылған. Ескерткіштің биіктігі үш метр. Төбесіне доғал күмбез орнатылған. Естелік тақтаға «Ораз-Мұхаммед Онданұлы, 1573-1610. Қазақ сұлтаны, Қасым хандығын билеуші», деп жазылған. Еске сала кетейік, Ораз-Мұхаммед сұлтан Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның тікелей ұрпағы, Тәуекел ханның інісі Ондан сұлтанның ұлы. Ол өз заманында орыс патшасына бағынышты аймақта хандықты билеп, қазақ сұлтандарының арасында шет елде үлкен абыройға ие болған әйгілі тарихи тұлғаның бірі. Ораз-Мұхаммедтің ерлігі мен өмірі туралы көптеген деректерді жат жерде сұлтанның сенімді серігіне айналған шежіресі Қадырғали Жалаири жазып қалдырған. Жазушы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» атты тарихи романында қазақ сұлтанының қайраткерлігі, парасаттылығы мен қаһармандық келбеті шебер суреттеледі

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда