
Ресейдің Новочеркасск қаласында мемлекеттік мереке күніне орай қала көшелерінде қойылған баннердегі жазуда қате кеткен.
ТАСС ақпарат агенттігі xабарлағандай, қала көшелеріне «День Росии” деген жазуы бар 15 баннер қойылды. Елдің атауындағы жазуда бір «С» әрпінің жоқ екенін көрген тұрғындар оны суретке түсіріп, дереу әлеуметтік желіде жариялайды. Кейбіреулер мұны фейк-ақпарат деп қабылдаған. Осыдан кейін қала басшысы Юрий Лысенко әлгі көріністің жалған емес екенін айтып, жұрттан кешірім сұрады. Ол құттықтау баннеріндегі қателік тапсырысты орындаған жарнама агенттігіндегі дизайнер тарапынан кеткенін, дайын өнімді қабылдап алған жауапты тұлғаларға қатысты тексеру басталғанын xабарлады.
Айта кеткен жөн, 12 маусымда бұл елде мемлекеттік мереке -Ресей Күні атап өтілді.