jasqazaq.kz

Ресейде мектептегі атыстан 9 адам қаза тауып, 20-сы жарақат алды

26 қыркүйек 2022, 15:26


Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте атыс болып, тоғыз адам қаза тапты, 20 адам жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөй өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін полицияға Ижевск қаласының №88 мектебінде атыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды», — деді Ұдмұрт Республикасы бойынша Ресей ІІМ баспасөз қызметі.

Оқу орнының күзетшісі көз жұмды, студенттер арасында да құрбан болғандар мен жарақат алғандар бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаушы адам өз-өзіне қол жұмсаған. Оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды.

Ұдмұрт басшысы Александр Бречалов оқиға орнына келді.

Мектеп Ижевск қаласының орталығында қала әкімшілігі ғимаратының жанында орналасқан. Қазір онда 982 оқушы оқиды, 80 мұғалім жұмыс істейді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр