
Томскіде 22 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол Ресейде терроризмді насихаттаған.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Исламдағы радикалдың заңсыз әрекеті ашық әрі айқын болған. 22 жастағы қазақстандық аудан тұрғындарының арасына терроризм туралы ашық үгіт-насихат жүргізген. Оған қоса, ол әрекетін әлеуметтік желілер арқылы да таратқан», — деп хабарлады Ресейдің федеральдық қауіпсіздік қызметі өкілдері.
Ведомство өкілінің айтуыша, Томск қаласында ер азамат жалған құжатпен тіркелген. Күдікті ұсталды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің «Террористік әрекеттерге, терроризмнің қоғамдық негіздемесіне немесе терроризмді насихаттауға шақыру» деген бап бойынша Томск облысында қылмыстық іс қозғалды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.